Жоқ, UXерларға <дағдының аты> қажет емес
1. Неліктен сізде өзіңіздің UX жолыңыз болуы керек?
Мен UX мамандарынан код жазуды, UI немесе графикалық дизайнмен айналысуды немесе продакт оунер болуды талап ететін мақалаларды көруден қатты шаршадым.
Сіздерге бұндай ақпараттан шаршаған рекрутер маманы ретінде айтып отырмын.
Егер сіз бұл мақаланы UX жолын енді бастап үйреніп оқып жатсаңыз, әлі де көп біліп үйрену қажет екен ғой деп күйзеліп жатқан шығарсыз.
Егер сіз 30-дан немесе 40-тан асып бара жатсаңыз, бәлкім сізде жасырын түрде өзіңіздің жұмысыңызды сақтап қалу үшін жаңа дағдылар үйрену қажет па деп алаңдайтын шығарсыз, мүмкін мен өз мансабымда баска жолға түсіп кеттім бе деп ойлайтын шығарсыз.
Ондай ойлар қатты уайымдатып, тіпті жұмыстан қатты шаршатып жіберуі мүмкін. Сондықтан мен қалай жақсы UX маманы болу жайында аса сақтылықпен жазамын. Бұл жерде ұйғарыңыз - сізге UX маманы болу үшін міндетті түрде мыңдаған әрекет жасаудың керегі жоқ.
2. Сонымен сізге не істеу қажет?
Оны мен қайдан білем? Бұны сізден басқа кім біледі?
Бұл жолда тек сізге ұнайтын, өзіңіз жақсы білетін, сізге сын-қатер тудыратын және сізге мән беретін жұмыспен айналысыңыз. Өзіңіз оқығыңыз келетін жолды дәл сол критерий арқылы таңдаңыз.
Өзіңізге тұлға ретінде маңызды болатын іспен айналысыңыз, содан кейін соны қажет ететін жұмыс берушіні іздеп табасыз.
Егер сіз қолданушы интерфейсін бірдей қылып жасай бергіңіз келмесе, оны қажет етпейтін жұмыс табыңыз. Бұндай жағдайда UI-дизайнері бар ұжымға UX-архитектор болып келсеңіз болады.
Егер код жазғыңыз келмесе - керек емес. Бұл пайдалы білім, бірақ UX-маманы ретінде ол тек өніміңіздің қалай жасалатынын, ұжым мүшелерінің немен айналысатынын білу үшін қажет болуы мүмкін.
Сіз ұжымдағы барлық жұмысты меңгеруге міндетті емессіз. Әр ұжым мүшесінің өз жұмысы бар.
Менің тәжірибемдегі ең үздік ұжымдар - жұмыста бір-бірін толықтырып отыратын өз саласындағы білікті мамандардың жиынтығынан тұратын. Талантты мүшелерден тұратын үжымда бір-бірін естіп, тыңдай алатын мамандар жұмысты жақсы орындап, жемісті жетістіктерге жеткізеді. Бұны сіздермен жұмыс істейтін тұтынушылар да байқап сезеді.
Жақсы UX көшбасшылары бір-бірімен жарысатын емес, керісінше бір-біріне қолдау көрсететін осындай ұжымдар құрайды.
3. Сонымен сізге қандай дағдылар қажет?
Сіз үздік мамандардан тұратын ұжым құрдыңыз немесе өзіңіз сол ұжымға қосылдыңыз, оларға қандай дағдылар қажет?
Кез келген UXer белгілі икемдер жиынтығын білу керек, ал қалған дағдылар сізге қосымша мүмкіндіктер ашу мүмкін:
-
Ой-қабілетіңізді қолдана білу
-
Сұрақ қоя білу (ешқашан болжамдамаңыз)
-
Пайдаланушыларыңызға қамқор болу
-
Әлемдік ең жақсы тәжірибелерді білу және қолдану, дизайн психологиясы жайлы білу (ол үшін тәжірибелі визуалды дизайнер болудың қажеті жоқ)
-
Болашақ мәселелердің алдын алу үшін ақпараттық архитектура туралы жеткілікті білу (ол үшін ақпараттық сәулетші болудың қажеті жоқ)
-
Қолданушы тестілеулерін және бастапқы зерттеулерді жүргізуді үнемі ұсыну (сізге үнемі зерттеуші болу міндетті емес)
-
Сөзбен және қаламмен ойыңызды анық жеткізе білу (суретші болудың қажеті жоқ)
-
Қолжетімді және инклюзивті дизайны талап ету (сізге фронтенд әзірлеушесі немесе арнайы мүмкіндіктер маманы болудың қажеті жоқ)
-
Мүдделі тараптардың қажеттіліктеріне және сізге төленетін жұмыстың сапасына назар аудару (өнім дизайнері болудың қажеті жоқ).
Егер сізде жоғарыда айтылған дағдылар болмаса, сіздің ары қарай қаншалықты көп жасай алатыныңыз маңызды емес.
Сіздің ойлау қабілетіңіз маңызды. Бағдарламалау және активтерді жасау бірнеше жыл ішінде автоматтандырылуы мүмкін. Одан көрі ой-қабілетіңізді жақсырақ пайдалануды үйреніңіз, егер сіз заман ағынымен ілескіңіз келсе, бұл сіздің ерекше құндылығыз болады.
Одан бөлек, өзіңіздің бағытыңызбен жүріңіз. Басқа адамдар сізге бұдан бөлек болыңыз деп айтатын болса, бұл адамдар өздерінің сенімсіздігін жасырады.
Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз.
Жасайтын ісіңізді біздің пайдаланушыларымыз лайық мұқият қамқормен және шын көңіліңізбен жасаңыз.